Качества лидера закладываются с малых лет

Ашық сабақ «Жемістер мен көкөністер» 3- сынып

05.12.2016

Мырзаева Алия Комбаевна бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында қазақ тілі пәнінен «Жемістер мен көкөністер» тақырыбында  3- сыныпта ашық сабақ өткізді.  Сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылар сабаққа өте белсенді, үлкен қызығушылықпен  қатысты. Сабақ барысында оқушылар суреттер арқылы жемістер мен көкөністер жайлы жан-жақты мағұлмат алды. Видео және қосымша сұрақтар арқылы сабақ толықтырылып, ана тілі, бейнелеу өнері пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылды. 

Сабақ пысықтау сабақ, дамытушылық, аралас сабақ топтық жұмыс түрінде құрылды. Жоспар құру барысында топтастыру, сәйкестендіру, жеке және жұптық, ой қозғау, іздендіру, шығармашылық, сұрақ-жауап беруі, салыстыру кестесі жұмыстар кірістірілді. Сабақ барысында оқушылар осы кезге дейін алған білімдерін көрсете білді. Сабақта үлестерме материалдар, бейнебаян, қимақағаздар, суреттер, техникалық жабдық: проектор, бейнетаспа, үнтаспа пайдаланылды.